"Болашақ" бағдарламасының түлектері Әбділда Шәменов пен Нұрбек Еңсебаев өнертапқыш Ғалымжан Ғабдрешовпен бірлесе нашар көретін және зағип жандарды қолдау мақсатында "SEZUAL" стартапын іске қосты. Олар топ мүшелерімен бірлесе бүгінгі таңда әлемде баламасы жоқ бірегей құрылғыны өндіріске енгізумен айналысып жатыр, деп жазады БҒМ баспасөз қызметі.
"SEZUAL" – бұл зағип адамдарға арналған көмекші құрылғы. Ол басқа адамның көмегінсіз жүруге мүмкіндік береді. Медальон пішінді құрылғыны жасап шығаруға 3 жылға жуық уақыт жұмсалған.
Сыртқы дизайны балалардың өтінішімен "Марвел" комикстер сериясының кейіпкері Тони Старктың жүрегінің пішіні секілді етіп жасалды.
Девайс 18 айға жарамды алдын-ала патентке ие болды.