"Болашақпен" оқуға болатын шетелдік ЖОО-лар қатарына 23 техникалық университет қосылды

889

"Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік ЖОО-ның тізімі кеңейтілді. Тізімге 23 жетекші шетелдік техникалық университет енді, деп хабарлайды inbusiness.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Болашақпен" оқуға болатын шетелдік ЖОО-лар қатарына 23 техникалық университет қосылды

Бұл тізімде Эйндховен техникалық университеті, Гамбург университеті, Лестер университеті, Пхохан ғылым және технология университеті, Дрезден техникалық университеті және т.б. бар.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша кадрлар даярлауға басымдық техникалық мамандықтарға беріліп келеді. Биыл гранттардың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінеді. Осыған байланысты "Болашақ" бағдарламасы бойынша стипендиаттар білім алатын университеттердің тізімін кеңейттік. Егер бұрын тізімде 213 ЖОО ұсынылса, қазір олардың саны 236-ға жетті. Біз шетелдік университеттердің санын көбейтіп қана қоймай, сонымен бірге олардың географиясын да кеңейтіп жатырмыз. Былтырдың өзінде біз географиямызды төрт елмен толықтырдық. Олардың қатарында Аустрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка бар", – деп атап өтті "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Тізімде топ-250 халықаралық академиялық QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings рейтингтеріне енетін ЖОО және БРИКС елдерінің топ-20 ұлттық рейтингтеріне кіретін университеттер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу