Болашақта Мәжілісті кім басқаратынын келетін депутаттар шешеді – Ерлан Қошанов

Мәжіліс төрағасы Парламенттің жаңаруы, әділ сайлау, қызметі туралы тілшілердің бірқатар сауалына жауап берді.   

Болашақта Мәжілісті кім басқаратынын келетін депутаттар шешеді – Ерлан Қошанов Фото: zakon.kz

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс сайлауда дауыс берді. Бұл ретте ол БАҚ өкілдерінің бірқатар сұрағына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бастапқыда ол Парламент құрамының жаңаруы туралы ойымен бөлісті.

"Жаңа министрлер қатарына жаңа адамдар келуі мүмкін. Қанша екенін айта алмаймын. Бірақ өз ісін білетін, ел игілігі үшін еңбек ететіндер келеді деп сенеміз", – деді Мәжіліс төрағасы.

Бұл ретте тілшілер Ерлан Қошановтан "сайлау әділ өтті ме?" деп сұрады.

"Иә, әділ өтіп жатқанын көріп тұрмын.  Өйткені мемлекет пен қоғамның өзінің ашықтығын көріп отырсыз. Қазір қадағалап отырған бақылаушылар көп", – деді Қошанов.

Сонымен қатар ол болашақта Мәжілісті кім басқаратыны туралы айтты.

"Болашақта Мәжілісті кім басқаратынын келетін депутаттар шешеді", – деп нақтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу