Болашақта сертификатпен сауда жасайтындар саны артуы мүмкін

801

Болашақта сертификатпен сауда жасайтындар саны артуы мүмкін

Қазақстанда құнды қағаздар банктік нарыққа шығарыла бастады. "Депозиттік сертификат" деп аталатын өнім - салымшының қаражатын сенімді сақтауға мүмкіндік береді. Оның үстіне, қорға құйылған ақша - аз уақытта еселеп қайтатын көрінеді. Бұл туралы almaty.tv хабарлайды.

"Депозиттік сертификат" Қазақстандағы банктік нарыққа шыққан жаңа өнім. Мұндай құнды қағаз салымшылардың қаражатын сенімді сақтауға септігін тигізеді. Сертификаттың құндылығы ондағы салынған қаражатқа байланысты. 

"Бұл - "құнды қағаз". Сертификатты сатып алған адамға белгілі бір уақыт беріледі. Сол аралықта оның салған қаражаты басқа депозиттерден көбірек өседі. Ең арзан қағаз - 5 миллион теңге тұрады. Егер салымшы қазіргі волютамен қаражат құйса, 13 айдан кейін сол кездегі бағаммен ала алады. Сонымен қатар, банктік сыйақы да беріледі",- деді екінші деңгейлі банк департаменті директорының орынбасары, Вадим Никулин.

Экономистер де мұндай жаңашылдықты қос қолдап мақұлдап отыр. Айтуларынша, ең әуелі салымшыларға тиімді тұсы көп. Өйткені, оны қолдану оңай. Сонымен қатар, қағазбастылықтан арылтады. 

"Бұл құнды қағазды оңай пайдалануға болады. Ондағы ақшаны банкке барып алудың керегі жоқ. Оны сіз кез келген адамға сата аласыз. Яғни, үй сияқты ғой. Басқа адамның атына жазуға болады",- деді экономис, Айдархан Құсайынов. 

Жаңа өзгеріс шетелдік тәжірибиеге сай қолданысқа енген. Әзірге құнды қағазды үш банк сатып жатыр. Болашақта сертификатпен сауда жасайтындар саны артуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу