"Болашақтықтардың" қаншасы оқуды тастап кеткені белгілі болды

856

"Болашақтықтардың" қаншасы оқуды тастап кеткені белгілі болды

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ бұрынғы қызметкері Ілияс Тілеубергеновтің айтуынша, "Болашақ" бағдарламасына талдау жүргізіліп, біраз мәселелер анықталған. Соның негізінде орталық жұмысына өзгеріс енгізу жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз арнайы жобаның аясында "Болашақ" стипендиясынан айырылудың себептерін зерттеген болатынбыз. Себебі, статистика бойынша осы уақытқа дейін стипендияға ие болған 12 мың адамның ішінде бір мыңдайы оқуды жарты жолда тастап кетті. Біз келгенде осы бір өзекті проблема дұрыс зерттелмеген еді. Содан орталық басшысы Жанболат Жарылқасынұлының тапсырмасы бойынша оны терең зерттей бастадық. Сөйтіп, стипендиядан айырылатын адамның портретін жасап шықтық. Әрбір адаммен кездесіп, нақты себептерді анықтадық. Осының негізінде орталықтың жұмысына өзгерістер енгізілді. Өйткені зерттеу кезінде "Болашақ" бағдарламасын ұйымдастыру жағынан да бірқатар кемшіліктер анықталды", - деді Тілеубергенов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу