"Болашақтың" неше түлегі борышын өтемей жүр?

224

Министрдің айтуынша, мемлекет алдындағы борышын өтемеген түлектердің үлесі 2 пайызға да жетпейді. 

"Болашақтың" неше түлегі борышын өтемей жүр? Фото: a-priori.kiev.ua

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекет алдындағы борышын өтемеген "Болашақ" түлектерінің санын атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2010-2013 жылдары „Болашақ“ бағдарламасын өзім басқардым. Бағдарламаның шарықтап тұрған кезінде жыл сайын 2 мыңға дейін степендиант алынса, қазір жыл сайын 500-дей адам қабылданады. Одан бөлек „500 ғылыми тағлымдама“ дейтін жеке бағдарлама бар. Ол жерде де жыл сайын 400-ден 500-ге дейін степендиант қабылданады. Сонда қазір жыл сайын 1000-ға дейін адам шетелге оқуға кетеді. Яғни, бағдарлама көлемі екі есе қысқарды.

Бюджетіне келсек, шарықтап тұрған кезінде жыл сайын шамамен 20 млрд теңгедей болған. Қазір 20 млрд теңгеден сәл аз", - деді Сенат отырысынан кейін журналист сұрағына берген жауабында.

Оның айтуынша, мемлекет алдындағы борышын өтемеген түлектердің үлесі 2 пайызға да жетпейді. 

"Бағдарлама шартын орындамаған немесе бұзған, соның ішінде шетелге кетіп қалған түлектердің саны 200-ден асады. Пайызға шақсақ, көпшілік ойлап жүргендей үлкен емес, 2 пайызына да жетпейді. 13,5 мың адам осы бағдарлама бойынша оқып шыққан", - деді Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу