Болат Әбілов: "Бұл – біздің жүйеміздің қасіреті"

774

Саясаткер қаңтар оқиғасында 200 адамды өлтірген күдіктілер әлі ұсталмағанын мәлімдеді.

Болат Әбілов: "Бұл – біздің жүйеміздің қасіреті"

Алматыда "Qantar" құқықтық қолдау орталығының қамқоршылық кеңесі баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жиында алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген Болат Әбілов қасіретті айда көз жұмған 200 адамды өлтірген күдіктілердің әлі анықталмағанын жеткізді. Саясаткер мұны "біздің жүйеміздің қасіреті" деп атады. 

"Олар атыс алаңында тұрғандай азаматтарға оқ жаудырған өз адамдарын әшкерелегісі келмейді", – деді саясаткер.

Сонымен қатар қоғам қайраткері 6 қаңтар Алматыдағы Республика алаңында террористер болған жоқ деп мәлімдеді. 

"Сол күні жалау мен плакаттар ұстап тұрған бейбіт тұрғындарға оқ атылды", – деп мәлімдеді спикер.

Жиынға қаңтар оқиғасында ұсталып, азапталған азаматтар мен оқ тиіп, жарақат алған балалардың ата-аналары қатысты. Олардың барлығы тергеудің әділ жүргенін қалайды. 

Баспасөз мәслихаты соңында құқықтық қолдау орталығының қамқоршылық кеңесі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан осы факті бойынша қозғалған әрбір іс бойынша және тергеудің барысы мен нәтижелері туралы ай сайын көпшілік алдында есеп беріп тұруды сұрады. 

Сондай-ақ орталық қызметкерлері уәкілетті органдардан азаматтардың өлімі, жарақат алуы, азаптау және өзге де адамгершілік қағидаларына сай келмейтін қатыгездік көрсету фактілері бойынша толық, әділ және жедел тергеу жүргізуді талап етіп отыр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу