Болат Ақшолақов KAZENERGY төрағасы қызметіне тағайындалды

203

Болат Ақшолақовтың кандидатурасын KAZENERGY қауымдастығына мүше барлық компаниялар бірауыздан қолдады.

Болат Ақшолақов KAZENERGY төрағасы қызметіне тағайындалды Фото: Ақорда

Бүгін KAZENERGY қауымдастығының басшылығындағы кадрлық өзгерістерге қатысты кезектен тыс жиналыс өтіп, жаңа төраға сайланды. Іс-шараға Қауымдастық құрамына кіретін компаниялардың басшылары қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайындалған Мағзұм Мырзағалиев KAZENERGY төрағасы ретіндегі өкілеттігінің тоқтатылғаны туралы хабарлап, осы лауазымға Болат Ақшолақовтың кандидатурасын ұсынды.

"Болат Оралұлы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ сияқты ірі ұлттық компаниялардағы басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Ол сондай-ақ ҚР Энергетика министрі және Мемлекет басшысының кеңесшісі сияқты жоғары мемлекеттік қызметтерді атқарды. Сонымен қатар, Болат Оралұлы біздің Қауымдастықты екі рет Бас директор ретінде басқарды және оның есімі кәсіби ортада кеңінен танымал", — деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу