Болат Атабаев өмірден озды

1512

Белгілі режиссер, драматург, қоғам қайраткері Болат Атабаев 70 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қаралы хабарды құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина әлеуметтік желі арқылы "Қош бол, ірі тұлға" деп жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Болат Атабаев өмірден озды

2020 жылғы наурызда режиссердің Германиядағы клиникада қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігінің салдарынан ауыр халде жатқаны хабарланды.

Болат Атабаев Неміс драма театрының және М.Әуезов атындағы қазақ театрының бас режиссері, "Ақсарай" театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. 

Ол алғаш рет режиссерлік қырымен Теміртау қаласындағы Неміс драма театрында танылды. 

1990 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына ауысып, Б.Римованың "Қос мұнлық", М.Мақатаевтың "Қош, махаббат", И.Оразбаевтың "Шыңғыс хан", Р.Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне", Ә.Кекілбаевтың "Абылай хан", Р.Мұқанованың "Қаралы сұлу" және тағы да басқа спектакльдерді қойды. 40-тан астам спектакль сахналап, қазақ, орыс тілдерінде бірнеше пьеса жазды. Грузия, Италия мемлекеттерінде  тәжірибеден өтіп, Германияда білім алды. Оның режиссерлігімен қойылған қойылымдар Қазақстан, Ресей, Германия, Грузия, Түрікменстан мемлекеттерінде өткен халықаралық театр фестивальдерінде топ жарды. 

Болат Манашұлы Атабаев 1952 жылы 14 мамырда Талдықорған облысындағы Тентек ауылында дүниеге келген. Оппозициялық қозғалыстың белсенді мүшесі болған.
Ол Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. 2012 жылы Германия мен Қазақстан қарым-қатынасының дамуына қосқан үлесі үшін Гете медалімен марапатталды. 

Болат Атабаев пен марқұм әнші Мадина Ералиеваның соңында Арсен Ералы есімді ұл қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу