Болат Аюханов атындағы би театры 60-шы маусымын ашты

318

Театр жаңа маусымды "Аюханов. Мұра. Наследие" гала-концертімен бастады.  

Болат Аюханов атындағы би театры 60-шы маусымын ашты Фото: Бейнероликтен

Қазақстан Республикасының Болат Аюханов атындағы Мемлекеттік академиялық би театры мерейтойлық 60-шы маусымын "Аюханов. Мұра. Наследие" гала-концертімен бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл театр үшін маусымның мәні ерекше. 2026 жылы ұжымға оның негізін қалаушы, көрнекті хореограф Болат Аюхановтың есімі ресми түрде берілді. Осылайша театр жаңа маусымды алғаш рет хореографтың атымен ашты.

Гала-концертте Болат Аюхановтың әр жылдары сахналаған қойылымдары ұсынылды. Көрермендер "Мәңгілік қозғалыс", "Суретші мен аққу", "Махаббат армандары", "Айжан қыз", "Домбыралармен би" туындыларын, сондай-ақ "Шыңғысханның ақ бұлты" мен "Татьяна Ларина" балеттерінен үзінділерді тамашалады. Кеш Морис Равельдің "Болеро" шығармасымен аяқталды.

Театр ұжымы хореографтың шығармашылық мұрасын қайта жаңғыртып, кейінгі буынға жеткізуге басымдық беріп отыр. Бұл жұмысқа кезінде Болат Аюхановпен бірге еңбек еткен театр ардагерлері де атсалысып, қойылымдардың бастапқы болмысын сақтауға көмектесуде.

Солардың қатарында 1968 жылы сахналанған "Мәңгілік қозғалыс" қойылымы бар. Кейін театрдың төл туындысына айналған шығарма 60-шы маусым қарсаңында қайта жаңғыртылып, репертуарға қосылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу