Болат Бақауов: Баянауылға баратын жол құрылысын бір жыл ішінде аяқтаймыз

747

Болат Бақауов: Баянауылға баратын жол құрылысын бір жыл ішінде аяқтаймыз

Ертіс өңірінде биыл 1100 шақырым жол салынады және жөнделеді. Оның 573 шақырымы - республикалық, 520 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Жолдарды салу және жөндеу жұмыстары облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген 70 миллиард теңге есебінен жүргізіледі, - деді Болат Бақауов БАҚ өкілдерімен өткізген ашық сұхбатында. - Егер де бұған дейін Павлодардан Омбыға дейін су құбыры тартылатыны туралы айтқан болсам, бұл жолы Павлодар мен Түменге дейін қашықтыққа тең келетін жол салынады. Сонымен қатар  "Орталық – Шығыс" тас жолының құрылысы жалғасын табады". 

Аймақ басшысы Баянауыл ауданында  300 шақырым қашықтық жолдың құрылысы жаңа ресайклинг технологиясы бойынша жүргізілетінін атап өтті. 

"Қалқаман кентінен бастап Қарағанды шекарасына дейінгі қашықтық 174 шақырымды құрайды, - деді облыс әкімі. - Тендер өткізіліп, BI Group  компаниясы мен "АЗА" ЖШС, қарағандылық  фирма  ұтып алды. Бұл төртке бөлінген жоба. Қазіргі таңда инертті материалдар жеткізілуде. Өткен жылы екібастұздық "Анис" фирмасы салған 34 шақырым жолдың сапасы сын көтермегені белгілі.  Мердігерді сотқа беріп, сот процесін ұтып алдық.  Биыл осы жол қайтадан қалыпқа келтіріледі.  Баянауылға баратын жолдың құрылысын бір жыл ішінде аяқтаймыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу