Болат Бақауов екі айға қамалды

12172

Ал экс-әкімнің өзі айыптауға келіспейтінін айтты.   

Болат Бақауов екі айға қамалды

Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты Болат Бақауовты екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды, – деп хабарлайды inbusiness.kz.

Отырыс барысында прокурор Бақауовтың ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы "Өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша күдікті екенін хабарлады.

Аталған бап бойынша санкция мүлік тәркілеуді, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Мемлекеттік кешірім Бақауовты 2 айға, 2020 жылдың 16 наурызына дейін қамауға алуды сұрады. Прокурордың айтуынша, бұл бұлтартпау шарасы бостандықта жүрген адам объективті тергеуге кедергі келтіруі немесе жасырынып қалуы мүмкін болғандықтан сұралып отыр.

Қамауға алу туралы өтінішті Павлодар тергеу сотының судьясы Балтабай Дүнбекбаев қарады. Ол Болат Бақауовты екі айға қамауға алу туралы қаулы шығарды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу