Болат Бақауов көп балалы анаға штаттан тыс кеңесші болуды ұсынды

1328

Бұл күні әйелдер қауымын білім беру, ТҮКШ, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары қабылдап, тиісті көмек пен кеңес берді.  

Болат Бақауов көп балалы анаға штаттан тыс кеңесші болуды ұсынды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов "Нұр Отан" партиясы өңірлік филиалында көп балалы аналармен кездесті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл күні әйелдер қауымын білім беру, ТҮКШ, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары қабылдап, тиісті көмек пен кеңес берді.

"Бұл алаң күн сайын жұмыс істейтін болады. Дүйсенбі күні аудандар және қалалардың әкімдерімен жиын өткізіп, көп балалы отбасылардың әлеуметтік төлқұжатын құрастыру туралы тапсырма берілді. Мен өзім де 11 бала дүниеге келген отбасынан шыққанмын. Оныншы баламын. 14 жасымнан жұмысқа салып, тәрбиелеген ата-анама ризамын. Өзім бес бала тәрбиелеп отырмын. Бүгінгі кездесуге 300-ден астам адам жиналды. Көтеріліп жатқан мәселелерді жақсы білеміз. Бір күннің ішінде барлық мәселені шешу мүмкін емес. Дегенмен, әрбір жағдайды қарастырып, қажет болса үйлеріңізге барамын", - деді Болат Бақауов.

Әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде 8625 отбасы тұрады. Оның ішінде 3839-сі төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отыр. Жергілікті деңгейде 2000 адам жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек алса, оның 336-сы көп балалы отбасылар. Жыл басынан бері шамамен 1000 отбасына 4,2 млн теңгеге көмек көрсетілген. Оның 135-сі көп балалы жанұя.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу