Болат Бақауов қытайлықтарға уәде берді

723

Себебі, гербицид шығаратын зауыт салғысы келген Қытай инвесторларына қажетті коммуникация мен темір жол мәселе тудырып отыр. Өңір әкімі темір жол мен кәріз жүйесін жүргізу 2019 жылдың соңына дейін аяқталатынын айтты.

Болат Бақауов қытайлықтарға уәде берді

Қытайлық компания Павлодар облысында 2,4-Д қышқылын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Облыс әкімі  минералдық тыңайтқыштар шығаратын "АгроХимПрогресс" ЖШС павлодарлық фирмасының өкілдерімен және қытайлық инвесторлармен кездесті. Қытайлықтар қуаттылығы жылына 24 мың гербицид шығаратын зауыттың құрылысын салуға қызығушылық танытып отырғаны белгілі болды. Құрылыс орны ретінде "Павлодар" АЭА-н таңдап алған. Тағы бір нұсқа ретінде жұмыс істеп тұрған "АгроХимПрогресс" ЖШС-нің аумағында жаңа зауытты салу қарастырылуда.

Құрылыс екі жылда аяқталады. Алғашқы уақытта 10 тонна 2,4-Д қышқылын шығарса, кейін толық қуаттылығына көшеді. Демек, қытайлық компанияға павлодарлық "Каустик" шығаратын хлор қажет болады. Өнім ТМД және Оңтүстік Америкаға экспортталады.

Бүгінгі таңда инвесторларды болашақ зауыттың аумағына қажет коммуникация мен темір жол тарту мәселесі толғандырып отыр. Болат Бақауов қытайлықтарға темір жол мен кәріз жүйесін 2019 жылдың соңына дейін аяқтауға уәде берді.

Өңірде гербицид шығаратын зауыттың құрылысы нәтижесінде жыл сайын айналым 10 млрд долларды құрайды. Жұмысты жылдамдату үшін Болат Бақауов инвесторларға қытайлық құрылыс компаниясының қызметін пайдалануға кеңес берді.

Аталмыш компания облыс аумағында үш ірі нысан салған. Оның ішінде бір жыл сегіз айдың ішінде аяқталған павлодарлық электролиз зауыты бар. Бұдан басқа, облыс әкімі кальций содасын шығаратын тағы бір кәсіпорынның құрылысын қолға алуды ұсынды. Бұл салада қытайлықтардың тәжірибесі мол.

"Өңірде шикізат бар. Нарықтағы сұраныс жоғары. "Қазақстан Алюминийі" АҚ 220 мың тонна кальций содасын сатып алады. Мұндай тауарды сатып алу мерзімі – үш жыл. Осы жөнінде ойластырыңыздар. Біз ынтымақтастық үшін әрдайым дайынбыз. Инфрақұрылым жылдам әзірленеді. Сіздерге құжаттармен жүрудің қажеті болмайды. Біздің қызметкерлер "бір терезе" қағидасы бойынша барлығын жасап береді", - деді аймақ басшысы.

Айта кетерлігі, Павлодар облысы бүгінгі таңда шетелдік инвесторларды тартуға жоғары қызығушылық танытып отыр. Арнайы экономикалық аумақты (АЭА) дамыту – жуырда ғана іссапармен келіп кеткен Елбасының негізгі тапсырмаларының бірі. Томирис Бекжан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу