Болат Бақауов мерзімінен бұрын бостандыққа шыққысы келеді

1266

29 қазанда Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш сотта қаралады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Болат Бақауов мерзімінен бұрын бостандыққа шыққысы келеді

2020 жылғы мамырда өңір басшысы 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Болат Бақауов барлық мемлекеттік наградасынан, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылған. 

Сот отырысы кезінде бұрынғы облыс әкімі Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қысым көрсеткенін мойындаған. Сондай-ақ тергеу барысында ол жиені басқаратын компанияға салықтан жалтаруға көмектескені белгілі болған.

Мәселе 200 млн теңгеден аса қаражат туралы болып отыр. Оның ішінде мемлекет кірісіне 3 млн теңге төленген.

Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы Болат Бақауовты 3,5 жылға бас бостандығын шектеуді сұраған болатын. Алайда экс-басшы мәжбүрлі түрде еңбекке тарту жазасынан құтылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу