Болат Бақауов Нұр-Сұлтанда қытайлық және даниялық инвесторлармен кездесті

864

Инвесторлар бірқатар жобаларға қызығушылық танытты.

Болат Бақауов Нұр-Сұлтанда қытайлық және даниялық инвесторлармен кездесті

Павлодар облысының әкімі қытайлық "Naale Group Industry Co, LTD" компаниясымен қант шығаратын зауыттың құрылысы бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Қытай – Азия елдерінің ішінде Павлодар облысының ең негізгі сауда әріптестерінің бірі", - деді Болат Бақауов. – "Арнайы экономикалық аймақта" ҚХР-мен бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асырдық. Қант зауыты бойынша біз жұмыстарды бастап кеттік. Жалпы, Қытай Халық Республикасы қызығушылық танытқан жобаларды талқылауға дайынбыз.

Кездесу барысында қос тарап алюминий құтыларын жасау туралы сөз қозғады.

Бұл ұсыныс инвесторлардың қызығушылығын оятты. Бұдан кейін павлодарлық делегация "SiccaDania" компаниясымен кездесіп, крахмал зауытының құрылысы жөнінде мәселе көтерді. Франция, Сингапур, Жаңа Зеландия мен бірқатар мемлекеттерді кеңселері бар даниялық компания аталмыш жобаға тең дәрежелі инвестор болуға ниет танытты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу