Болат Бақауов Уфадағы мұнай және ағаш өңдеу зауыттарында болды

997

Болат Бақауов Уфадағы мұнай және ағаш өңдеу зауыттарында болды

Уфалық "Башнефть" көпшілік акционерлік қоғамының құрамына кіретін мұнай өңдеу зауыты Болат Бақауовқа кадрлар тапшылығының жоқтығы туралы айтса, "Kronospan" кәсіпорыны ресейлік орманнан қандай өнімді шығаратындығын көрсетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бүгінгі таңда мұнай өңдеу зауыты жыл сайын алты миллионға жуық мұнай өндіреді. Жанармайдан бөлек мұнда қысқы және жазғы дизель отыны мен жүк мазуты шығарылады. 

Айта кетейік, "Башнефть" уфалық филиалында алты мыңнан астам адам қызмет етеді.

"Бізде кадрлық мәселе жоқ, - дейді акционерлік қоғамның бөлімше директоры Антон Зайцев. – Мәскеу маңындағылар астанамызға барып жатыр. Ол жақта кадрлық тапшылықтар бар. Ал, бізде жағдай қалыпты. Көпшілік қызметкерлер 15-20 жылдан бері еңбек етуде".

Әлемдегі ең ірі ағаш өңдеу зауытында павлодарлық делегацияға Қазақстанның ең басты тұтынушы екендігін мәлім етті. 100 жылдан астам тарихы бар "Kronospan" компаниясы қазақстандықтармен, соның ішінде Павлодар облысымен ынтамақтастық жұмыстарын жалғастыратындарына сенімді.

"Біз қазіргі күні бір айдан соң іске қосылатын плита жоңқасын шығаратын зауыттың құрылысымен айналысудамыз, - дейді "Kronospan-Башқортостанның" коммерциялық директоры Барыш Джан. – Өнімнің 56 пайызын Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікістан, Қытайға экспорттаймыз. Болашақта Оңтүстік Америкамен қарым-қатынас орнату жоспарда бар".

Өз кезегінде Болат Бақауов Башқұртстан кәсіпкерлерін келісімге келуге шақырып, барынша қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу