Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға сотталды

376

Қылмыстық іс елордада қаралды.

Болат Мажағұлов  8 жыл 6 айға сотталды Фото: kitap.kz

Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Экс-шенеунік Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. 

Мажағұлов Есіл өзеніндегі "Күн" субұрқағының құрылысын қаржыландыруға бөлінген 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталған болатын.

Қылмыстық іс бойынша мердігер ұйымның өкілі Мәди Канапин 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны қаржы жымқыру және қылмыс жасауға көмектесу (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 28-бабы 5-бөлігі) бойынша кінәлі деп таныды.

Айта кету керек, Қаржылық мониторинг агенттігі Болат Мажағұловтың ұсталғанын растағанын жазғанбыз. Ол 2016 жылы "Күн" субұрқағын салу кезінде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу