Болат Назарбаев "Барыс" автобазарын меншігіне қайтара алмады

Бірінші сатыдағы сот жер телімі Назарбаевтың меншігіне заңсыз берілгенін мәлімдеген.   

Болат Назарбаев "Барыс" автобазарын меншігіне қайтара алмады Фото: besmedia

Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы алғашқы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

"Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін оның заңдылығы мен негізділігіне қарай өзгеріссіз қалдырды", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарасай ауданының прокуратурасы бірінші сатыдағы сотқа Болат Назарбаевтың жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы және жер учаскелеріне меншік құқығын мемлекеттік тіркеуді жою туралы талап арызбен жүгінген болатын. 

Қарасай аудандық соты прокуратураның талабын қанағаттандырды. Алайда Болат Назарбаев сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.

Қарасай ауданындағы 37 гектар жер телімінде бүгінде "Барыс" автокөлік базары орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу