Болат Назарбаевтың 40 гектар жері мемлекет меншігіне қайтарылады

Мұндай шешімді Алматы аудандық соты шығарды. 

Болат Назарбаевтың 40 гектар жері мемлекет меншігіне қайтарылады Фото: tengrinews.kz

Қазақстанның экс-президентінің інісі Болат Назарбаев "Барыс" базарының маңындағы 40 гектарға жуық жерінен айырылды. Алматы облысы Қарасай ауданының соты жалпы көлемі 37,6 гектар жер телімдерін сату келісім-шарттарын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

"Жедел хабарлау мақсатында 2023 жылдың 17 сәуірінде Қарасай аудандық сотының Қарасай ауданы прокуратурасының жалпы ауданы 37,6 га ("Барыс" автобазары) жер телімдерін сату бойынша үлгілік шарттарды жарамсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандыру туралы шешімі жарияланғанын хабарлаймыз", — деп жазылған облыстық прокуратураның ақпаратында.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне жер телімдерінің Болат Назарбаевқа тиесілі екенін растады.

"Азаматтық істі қарау кезінде бұрын жасалған үлгілік сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану үшін заңды негіздер анықталды", - деп атап өтті сот.

Еске сала кетсек, ақпан айында Қазақстанда Болат Назарбаевқа заңсыз тиесілі Маңғыстау және Жамбыл облыстарында 300 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу