Болат Назарбаевтың жері мемлекетке қайтарылды

506

Учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылған.

Болат Назарбаевтың жері мемлекетке қайтарылды Фото: Прокуратура

Болат Назарбаевпен үлестес Қордай ауданындағы базардың жерлері Жамбыл облысы прокуратурасының бастамасымен мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысының прокуратурасының мәліметінше, 2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілерімен Б.Н. Назарбаевқа тиесілі "Қарасай БН-Тараз" ЖШС-ға "Барыс-2" сауда кешеніне қызмет көрсету үшін ауданы 34,3017 га учаске берілген.

"Учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылған, атап айтқанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы ерекше қорғалуға жататын ауданы 22,25 га суармалы егістік жерлердің бір бөлігі базарға қызмет көрсету үшін берілген. Осыған байланысты аудан прокуратурасы аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа талап қою берді", - делінген хабарламада.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен "Қарасай БН-Тараз" ЖШС-мен Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі арасындағы 24.07.2007 жылғы №81 және №82 жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы "Қордай Инвест" ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды.

Сот қаулысы 28.12.2023 жылы заңды күшіне енді, жер учаскелеріне мемлекеттік актілердің күші жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу