Болат Өтемұратов қоры Арыста 100 отбасыға үй салып береді

3609

Баспана кілті керекті тұрмыстық техника, асүй жиһазы мен басқа да қажеттіліктермен қамтылған күйінде тапсырылады.

Болат Өтемұратов қоры Арыста 100 отбасыға үй салып береді

Болат Өтемұратов қорының қаражатына 50 үй тұрғызылады. Әр үй екі отбасыға арналып салынады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазір мердігерлер таңдалды, оларға құрылысты қыркүйек айының ортасына дейін аяқтау тапсырылып отыр. Баспана кілті керекті тұрмыстық техникалар, асүй жиһазы мен басқа да қажеттіліктермен қамтылған күйінде беріледі. Сондай-ақ, әр отбасының өз бақшасы болуы үшін 10 соттық жер телімі бөлінеді.

Үй салынатын жер қазір анықталған, үйлердің құрылысымен қатар қажетті инфрақұрылым да қатар жүргізіледі.

Бұған дейін Болат Өтемұратов қоры Арыс қаласының 2 мың тұрғыны үшін "Көмек картасы" жобасының шеңберінде 60 млн теңге бөлінгендігін хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу