Болат Өтемұратов Қоры коронавирусқа қарсы күреске 200 миллион теңге бөлді

1411

Болат Өтемұратовтың Қоры 2014 жылдың басында негізі қаланды.  

Болат Өтемұратов Қоры коронавирусқа қарсы күреске 200 миллион теңге бөлді

Болат Өтемұратов Қоры Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирусқа қарсы күреске 200 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды Қордың коммуникациялар жөніндегі менеджері Еркін Үдербай.

Бұл ақшаға Қор организмде COVID19 вирусының орын алуын анықтауға арналған экспресс-тест жиындарын сатып алады және Денсаулық сақтау министрлігімен және басқармаларымен бірлестікте мобильді талдау жүргізу пункттерін ұйымдастырады.  

Қор Еуропа Одағының аумағында сертификаттаудан өткен ҚХР өндірісінің IgG/IgM класының экспресс-тест жиындарын сатып алады. Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша денсаулық сақтау басқармалары экспресс-талдау жүргізу жөніндегі он мобильді топтан ұйымдастырады. Топтар карантин жағдайларында адамдардың көп жүретін орындарында – дәріханалар, супермаркеттер, қоғамдық көлік аялдамалары, темір жол вокзалдары қасында жұмыс істейтін болады.

"Экспресс-тесттер ұйымдастыра отырып, Болат Өтемұратов Қоры мен оның құрылтайшысы елімізде коронавируспен күреске өз үлесін қосады. Біріншіден, біз вирус жұқтырғандарды дер кезінде анықтаймыз және оларды емдеуге жібереміз. Екіншіден, біз вирустың қанат жаюын шектейміз. Үшіншіден, біз теріс нәтижелері бар адамдарға өздерінің және жақындарының денсаулығы үшін мазасыздық сезімінен арылуға көмектесеміз", –  деп түсіндірді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу