Болат Өтемұратов Қоры тасқын судан зардап шеккендерге 33 миллионнан астам теңге берді

1526

Қайырымдылық қолдау "Көмек картасы" жобасының шеңберінде Қостанай облысында Қарамырза ауылы және Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласының маңындағы аудандардың тұрғындарына көрсетілді.   

Болат Өтемұратов Қоры тасқын судан зардап шеккендерге 33 миллионнан астам теңге берді

Болат Өтемұратов Қоры мен Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы еліміздің солтүстігінде көктемгі су тасқындарынан зардап шеккен 197 отбасына 33 миллионнан астам теңге жалпы сомаға ақшалай жәрдем көрсетті, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

 "Біз "Көмек картасы" жобасын үш жыл қатарынан іске асырып келеміз және әркез сайын нәубеттерден зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсетудің гуманитарлық көмек көрсетудің алдында тұтас бірқатар артықшылықтары бар екеніне көзімізді жеткіземіз. Олардың бастысы – алынған қаражатты қалайша жұмсауды таңдау мүмкіндігі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, біздің бенефициарларымыз ақшаны үйлерін, шаруашылықтарын, мүлкін қалпына келтіруге жұмсайды. Бұл орайда әр отбасының өз артықшылықтары бар. Біреу ең алдымен үйін жөндейді, біреу мал жемінің ойсыраған қорын толықтырады, енді біреуі ақшаны отбасын асырап отырған тракторды жөндеуге жұмсайды. Біз көмектің мұндай нысаны неғұрлым тиімді деп санаймыз", – деп түсіндіреді Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов. 

"Көмек карталарын" жобаның ережелері бойынша баспаналары зақымдалған адамдар, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, жалғыз басты аналар мен тұрмысы нашар көп балалы отбасылар алады. Қостанай облысының Қарамырза ауылының тұрғыны Айман Әйгелова мұңайып есіне алады: "Су келген уақытта біз ол үйге кірмейді деген үмітте болдық. Бірақ ол кірді. Судың деңгейі шамамен бір метрдей болды. Бәрі су астында қалды". Әйгелованың отбасы бес адамнан тұрады, олар 250 мың теңге алды. Бұл өңірде барлығы 61 отбасы 9 850 000 теңге жалпы сомаға көмек алды.  

Қарамырзадан 500 шақырымдайда Петропавлдағы Заречный шағын ауданында Александр Квятинский абыржып, мынаны әңгімелейді: "Судың бізді қоршағанына енді бір апта болды. Не болатынын, істің немен тынатынын білмейміз. Мұндай су тасқынының кесірінен үй опырылып, жиһаз бүлінеді. Үй мен іргетас жарылды, жертөле суға толы".

Петропавлда бүгін 136 отбасына жалпы сомасы 23 200 000 теңге ақшасы бар карталар табысталды.  

"Биылғы жылы коронавирус пандемиясына байланысты ТЖ және карантин біздің бірлескен жауап қимылдау командамыздың жұмысын өте қиындатуда. Солай болса да, бізге су жайлаған орындарда болудың және отандастарымызға қол ұшын берудің сәті түсті. Біз олар үшін тасқын судың салдарының ауырлығын жеңілдетеміз дегн үміттеміз", – деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Қызыл Айдың деректері бойынша, Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдаят күрделі болып қала беруде, зардап шеккендердің саны өсуі мүмкін. Жауап қимылдау тобы ондайға мұқтаждарға оперативті түрде көмекке келу үшін, су жайылу аяқталғанға дейін Петропавлда болады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу