Қазақстан Даму банкінің басқарма төрағасы Болат Жәмішев қызметінен кетеді, деп хабарлайды Инерфакс-Қазақстан.
"Бұл менің Қазақстан Даму банкінің басқарма төрағасы ретінде қатысқан соңғы баспасөз жиыным. Осы банктің басқарма төрағасы болғаныма да 5 жыл. Мен осы айда өз еркіммен банктен кетуді ұйғардым",– деп хабарлады Болат Жәмішев.
"Сондай-ақ, мен, Цеснабанктің тәуелсіз директорымын. Әзірге, сол менің негізгі жұмысым болады",– деп қосты ол.
ҚДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, Болат Жәмішев өтініште 26 сәуірден бастап кететінін көрсеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу