Болгария билігі Қырым көпіріндегі жүк көліктері елден өтпегенін хабарлады

527

Болгарияның Азаттық радиосының қызметі хабарлағандай, билік басындағылар Бастрыкиннің сөздеріне арнайы тексеру жүргізуді тапсырды.

Болгария билігі Қырым көпіріндегі жүк көліктері елден өтпегенін хабарлады Фото: t.me.chp_crimea

Болгария премьер-министрінің міндетін атқарушы Глеб Донев Қырым көпірінде жарылған жүк көлігінің елге кіру мүмкіндігін толығымен жоққа шығарды. Мұндай ақпаратты Ресей Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин мәлімдеген болатын.

Болгария билігі Бастрыкиннің сөздеріне арнайы тексеру жүргізді. Нәтижесінде Үкімет "елдің атын террористік әрекетке байланысты пайдалануға" жол бермейтінін мәлімдеді.

Бастрыкиннің хабарламасына тексеру жүргізуді София прокуратурасы Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне тапсырды. Тексеру негізінде прокурорлар болған оқиғаны сотқа дейінгі тергеуді бастау үшін жеткілікті деректердің бар-жоғын тексеруді жоспарлап отыр.

9 қазанда Бастрыкин Ресей Президенті Путинмен кездесуде Қырым көпірінде жарылған жүк көлігі Болгария аумағында болғанын хабарлаған.

Оның айтуынша, Болгариядан басқа жүк көлігі Грузия мен Арменияда аумағында болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу