Болгария халқы сайлаудың бірінші турында президентін анықтай алмады

234

Екінші кезең 1 қарашада өтеді.

Болгария халқы сайлаудың бірінші турында президентін анықтай алмады Фото: "Анадолы" агенттігі

Болгарияда президенттік сайлаудың бірінші турында кандидаттардың ешқайсысы қажетті дауысты жинай алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің 95,3%-ын санады.

Ресми  мәліметтерге сәйкес, қазіргі мемлекет басшысы Илияна Йотова 34,6%, ал бұрынғы премьер-министр Андрей Гюров 32% дауыс жинаған. Сайлаушылардың қатысу белсенділігі бар-жоғы 22,2% болған, бұл қажетті деңгейден айтарлықтай төмен. Екінші тур 1 қарашада өтеді деп күтілуде.

Илияна Йотова Украинадағы соғыстың дипломатиялық жолмен аяқталғанын құп көреді. Ал Андрей Гюров бұған дейін Украинаны қолдайтынын мәлімдеді.

Болгарияда президенттің өкілеттігі ресми түрде шектелген. Десек те, бұл лауазымды иеленетін саясаткер халықаралық аренада ел атынан өкілдік етеді. Бұдан бөлек ол парламент қабылдаған заңдарға вето қою құқығына ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу