Болгария Шенген аймағынан шеттетілді

846

Брюссель бұл елді ортақ аймаққа тек әуе шекарасы арқылы енгізуді қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Болгария Шенген аймағынан шеттетілді

Болгарияның Шенген аумағына кіруіне шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz.

Брюссель бұл елді ортақ аймаққа тек әуе шекарасы арқылы енгізуді қарастырып жатқанын мәлімдеді. 

Бұған дейін ақпарат құралдары Болгария мен Румынияның  Шенгенге мүшелігі толықтай шешілді деп хабарлаған еді. Алайда екі ел тұрғындарының қуанышы көп ұзамай су сепкендей басылды. Себебі, Брюссель бірер күн бұрын  бұл мемлекеттердің Шенгенге тек әуе және теңіз шекарасы арқылы кіргенін, ал одақ аумағына құрлық арқылы енуі кейінге шегерілетінін жеткізді.

"Қазір Болгарияның Шенген аймағына өтуі екі кезеңмен: әуе және теңіз шекарасы арқылы жүзеге асатыны туралы айтылып отыр. Ал құрлық арқылы шенген аймағына кіру осы екінші кезеңде жүзеге асырылмақ. Еурокомиссия өкілі ретінде мұндай шешімге қарсымын. Себебі екі мемлекет те Шенгеннің барлық талаптарына сай келеді", - дейді Болгариядағы Еуропалық комиссия өкілдігінің басшысы Огнян Златев.

Алайда, Болгарияның әуе арқылы Шенген аумағына енуінің өзі инвесторларды біраз дүрліктіріп тастады. Себебі жылжымайтын мүлік қымбаттап кетуі мүмкін. Бірақ әуежайлардағы тексеру жеңілдетіліп, ортақ аймаққа кіру әлдеқайда оңтайланады. 

"Болгария мен Румыния Шенген аймағына кіру үшін барлық техникалық талаптарды орындады. Шекараға қажетті құралдар қойылып, қызметкерлер дайындықтан өткізілді. Сондықтан бұл елдерде Шенгенге сай шекараны бақылауға бәрі дайын", - дейді Огнян Златев.

Бейресми ақпаратқа қарағанда Болгарияның құрлық арқылы Шенгенге енуі заңсыз мигранттар мәселесіне қатысты кейінге шегерілген. Ал елдің ортақ аймаққа әуе байланысы арқылы енуі 2019 жылдың мамыр айында жүзеге асырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу