Болгария төтенше жағдай режимін енгізді

592

Болгария Түркиямен шекаралас аумақта төтенше жағдай режимін енгізді.

Болгария төтенше жағдай режимін енгізді

Оған Болгария аумағына жаппай кіретін заңсыз мигранттармен бұрын-соңды болмаған қиын жағдай себеп болып отыр.

Болгарияда Түркиямен құрлық шекарасы бойындағы аудандарда төтенше жағдай режимі енгізілді. 200 шақырымдық аумақта торлы қоршау салынған. Десек те, бұл заңсыз иммигранттарды тоқтатпайды, деп жазады Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

"Олар көбінесе шекарамыздағы қоршауды кесіп өту үшін баспалдақтарды пайдаланады. Қазір біз қолымыздан келгеннің бәрін жасап отырмыз. Бұдан бөлек Түркия тарапы да бізге көмек көрсетуде. Біз Түркия мен Грецияның ішкі істер министрлерімен кездесулер өткіздік. Бұдан былай елдеріміздің жұмысын дұрыс үйлестіре аламыз. Барлық елдің шекара қызметтері бір-біріне көмектесу арқылы шекарадан өткісі келген мигранттарды ұстай аламыз", – деді Болгария ІІМ басшысының міндетін атқарушы Иван Демерджиев.

Болгарияның Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, осы жылдың 9 айында 104 мың адам шекарадан өтуге тырысқан. Бұл былтырғыға қарағанда 3,5 есе көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу