Болгарияда босқындарға арналған лагерьде қақтығыс болды

973

Болгарияда босқындарға арналған лагерьде қақтығыс болды

Болгарияда 3 мыңға жуық босқын паналап отырған ірі лагерьде босқындар мен полиция арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды Би-би-си.

Түркиямен арадағы шекарада орын тепкен Харманли лагері екі күн бұрын биліктің бұйрығымен карантинге жабылған болатын. Лагерь аумағында инфекцияның таралуына байланысты осындай шешім қабылданған. Мұнан кейін осыған наразы болған негізінен ауғандық жүздеген босқын  көлік дөңгелектерін өртеп, полицейлерге тас лақтыра бастаған. Полиция өкілдері қарсылық білдірушілерді  тарату үшін су атқылауға мәжбүр болды. Мәлім болғандай, бірнеше полицей жарақат алған.

Өткен жексенбіде БАҚ-та босқындар арасында ауру тарағаны туралы ақпар пайда болысымен  жергілікті тұрғындар лагерьді жабуды талап етіп, шеруге шыққан болатын. Болгарияның босқындар  ісі жөніндегі агенттігінің басшысы болса лагерьді карантинге жабуға еш негіз болмағанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу