Болгарияда дауыл соғып екі адам қаза тапты

428

Варна муниципалитетінде төтенше жағдай жарияланды.

Болгарияда дауыл соғып екі адам қаза тапты Фото: reuters

Болгарияда дауыл, нөсер жаңбыр мен қар салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Бірқатар қала мен ауылдарға айтарлықтай зақым келді, ағаштар құлап, электр желілері үзілді.

Табиғи апаттан 2 адам қаза тапты. 

Қара теңіз жағалауындағы Варна қаласында жексенбі күні үйіне кетіп бара жатқан әйелге ағаштың бұтағы құлап, мерт болды. 

Софияда сенбі кешке жеңіл көлікке ағаш құлап, жүргізуші қаза тапқан. Көлігінде болған әйелі ауруханаға жатқызылды. 

Варна муниципалитетінде төтенше жағдай жарияланды.

Жел дауылға ұласып, түнде жедел қызмет жұмысын айтарлықтай қиындатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу