Болгарияда Қазақстанның құрметті консулдығы ашылады

833

Болгарияда Қазақстанның құрметті консулдығы ашылады

Болгарияның халықтық кеңесі елде Қазақстанның жаңа құрметті консулдығын ашу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Варна қаласында халықтық кеңес шешімімен Қазақстанның жаңа құрметті консулдығы ашылады. Консулдық Варненская, Габровская, Великотырновская, Русенская, Тырговиштская, Разградская, Шуменская, Силистренская және Добричская облыстарын қамтиды. Демек, Болгарияда Қазақстанның екі құрметті консулдығы жұмыс істейді.

Бірінші мекеме Благоевград қаласында орналасқан. Варна қаласының тұрғыны Иван Иванов Қазақстанның құрметті консулы міндетін атқаратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу