Болгарияда өткен халықаралық сұлулық байқауында Аянат жеңіске жетті

859

Болгарияда өткен халықаралық сұлулық байқауында Аянат жеңіске жетті

Болгарияда Prince&Princess of the World халықаралық сұлулық фестивалі өтті. Оған әлемнің 15 елінен 55 жасөспірім қатысты. Қазақстан атынан байқауға ақтаулық Аянат Дәулеталина қатысты. Ол байқаудың гран-приін ұтып алды, деп хабарлады Лада.kz порталына сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат.

Prince&Princess of the World  фестивалі биыл Болгарияда алтыншы рет ұйымдастырылды. "Біз фестивальға ұзақ дайындалдық, әрине, күллі елдің атынан шыққан соң қатты қобалжыдық. Кей елдерден бірнеше қатысушы келгеніне қарамастан, біз лайықты өнер көрсетіп, елімізге гран-приді алып келдік. Өте қуаныштымыз, - деді Di school модельдер мектебінің жетекшісі Диляра Турина.

Айта кетейік, 7 күнге созылған сән байқауында жас моделдер түрлі сынақтардан өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу