Болгарияда президент сайлауында Румен Радев алда келеді

943

Болгарияда президент сайлауында Румен Радев алда келеді

Болгарияның социалистік партиясының басшылық етуімен бастамашы комитет ұсынған Румен Радев елдегі президент сайлауының екінші кезеңінде алда келеді, деп мәлім етті "Интерфакс".

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, 55%-ға жуық дауысты санағаннан кейін Радевті жақтап сайлаушылардың 59%-дан астамы дауыс бергені белгілі болды. Ал оның қарсыласы басқарушы ГЕРБ партиясының өкілі Цецка Цачевқа 36,3% дауыс берген.  Цачев болса  Радевтің алысқа ұзап кеткенін айғақтайтын экзит-полдар мәлім болғаннан кейін өзінің жеңілгенін мойындап, қарсыласын жеңісімен құттықтады.

Радев Болгарияның ЕО мен НАТО-ға мүше  болуына қарсы, сондай-ақ Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатуды қалайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу