Болгариялық БАҚ: Сейдахмет бір ай алаңға шыға алмайды

723

Қазақстандық футболшы "Левски" сапында енді "Лудогорец" және ЦСКА-ға қарсы ойнай алмайды.

Болгариялық БАҚ: Сейдахмет бір ай алаңға шыға алмайды

Topsport.bg ақпаратына сүйенсек, қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахметтің жарақаты ауырлау болып шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, форвард бір ай алаңға шыға алмайды. Бұған дейін Еркебұлан санын жарақаттап алған еді. Бірақ оған ұзақ ем керек бола қоймас деп болжанған еді. Енді Сейдахмет Италиядағы ауруханалардың бірінде қалыпқа келеді.

Айта кетейік, қазақстандық футболшы "Левски" сапында енді "Лудогорец" және ЦСКА-ға қарсы ойнай алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу