Болгарияның Пловдив қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

347

Пловдив – Болгарияның екінші үлкен қаласы және жетекші экономикалық және өнеркәсіптік орталықтарының бірі.   

Болгарияның Пловдив қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның екінші ірі қаласы – Пловдивке ресми сапармен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сапар аясында басты іс-шара ретінде Қазақстанның Пловдивтегі Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі болды. Құрметті консул болып Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ең ірі экономикалық аймақтарының бірі Тракия экономикалық аймағының негізін қалаушы және Басқарма төрағасы Пламен Панчев тағайындалды. Іс-шараға Пловдив облысының мэрі И. Зюмбилев, қалалық әкімшіліктің басшылығы, қоғамдық, іскер, ғылыми және мәдени ортаның өкілдері қатысты.

Елші В. Темірбаев елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, Болгария Қазақстанның Балқандағы ең ірі сауда және экономикалық серіктестерінің бірі екендігін атап өтті.

Қазақстандық дипломат еліміздің ірі өнеркәсіптік, мәдени және туристік облыстарының бірі – Пловдив өңірінде Республиканың Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның Құрметті консулдығын ашудың символдылығын және маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл біздің елдерімізге ауыл шаруашылығы, машина жасау, мұнай-химия және тоқыма өнеркәсібі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруда өзара іс-қимылды жандандыруға мүмкіндік береді.

Пловдив – Болгарияның екінші үлкен қаласы және жетекші экономикалық және өнеркәсіптік орталықтарының бірі. Пловдив -Еуропадағы ең көне қалалардың бірі және Болгарияның оңтүстігіндегі ең қарқынды дамып келе жатқан орталық болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу