Бөлінетін қосымша 5 мың білім гранты қалай үлестіріледі

1540

Қосымша гранттар бойынша конкурсқа өтініштер қабылдау 5-10 тамыз аралығында жүргізіледі. 

Бөлінетін қосымша 5 мың білім гранты қалай үлестіріледі

ЖОО-ларда оқу үшін көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар үшін қосымша 5 мың мақсатты грант бөлінеді. Бүгін үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Гранттар трансферттермен жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Әкімдіктер өңір қажеттіліктерін ескере отырып, даярлау бағыттарының тізімін айқындайды. 

Облыстардың, елорданың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері конкурстық комиссия құрады. Конкурсқа қатысудың міндетті шарты – ҰБТ-ның шекті балын жинау. 

"Алдымен 53 785 негізгі грантқа республикалық конкурс өткізіледі. Көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан, негізгі конкурс нәтижелері бойынша грантқа ие болмаған абитуриенттер қосымша мақсатты гранттар бойынша конкурсқа қатысу үшін жергілікті атқарушы органдарға өтініш бере алады", – деді Асхат Аймағамбетов.

Қосымша гранттар бойынша конкурсқа өтініштер қабылдау 5-10 тамыз аралығында жүргізіледі. Гранттар 25 тамызға дейін тағайындалады. Грант иегерлерінің тізімін әкімдіктер жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. 

Барлық грант иегерлеріне 20 949 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалады, сондай-ақ  каникул кезінде жылына 2 рет жол жүру үшін (4 АЕК) өтемақы мен жатақханада орын алу үшін бірінші реттегі кезек беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу