Бөлінген қаржыны жыл соңына дейін игере алмаған маңызды жобаларға қолдау көрсетіледі

Сенатта "Бюджеттік саясат моделін реформалау" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Бөлінген қаржыны жыл соңына дейін игере алмаған маңызды жобаларға қолдау көрсетіледі Фото: Акчабар

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Мемлекеттік сатып алу процесстерінің кейде ұзап кетуіне байланысты маңызды жобалар жыл соңына дейін қарастырылған қаржыны толық игере алмай жатады. Жаңа Кодексте мұндай жобаларға жыл соңында қаржы бөлуді тоқтатып, қалған қаржысын қайтарып алмай, мүмкіндік беру жағы қарастырылған. Бұл, әрине, барлығына бірдей қатысты емес", – деді вице-министр. 

Дөңгелек үстел барысында Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов осыға қатысты ойымен бөлісті. 

"Бұл арқаны кеңге салып, бір жобаны 2-3 жылға созуға жол беретін шешім болмауы тиіс", – деді комитет басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу