Боливия дәрігерлері аштық жариялады

833

Боливия дәрігерлері аштық жариялады

Боливияда дәрігерлер ереуілге шығып, полиция қызметкерлерімен қақтығысты. Адам өміріне араша түстетін ақ халаттылар билік әзірлеген заң жобасына наразы, деп хабарлайды khabar.kz.

Жаңа құжат бойынша енді дәрігерлер тексеру немесе ем-дом кезінде қателік жіберсе, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Дегенмен дәрігерлер бұл ережеге қарсы шығып, емхана мен ауруханалардағы құрылғыларды жаңалап, үкіметтен жұмысқа жайлы жағдай жасауын талап етті.

Олардың наразылыққа шығып, шулағанына бір айдан асып кетті. Ереуілдер Санта-Крус-де-ла-Сьерра және ел астанасы Ла-Пас қаласында өткен. Жиылған топты тарқату үшін полиция көз жасаурататын газ пайдаланды. Сондықтан амалы таусылған дәрігерлер аштық жариялап жатыр.

Жергілікті ақпарат құралдырының хабарлауынша, Боливияда медицина саласына бөлінетін қаржы аз. Сондықтан елді мекендердегі ауруханалар жабылып жатыр. Тіпті кейбір ауылдарда тек алғашқы медициналық көмек көрсететін бөлімшелер ғана қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу