Боливияда дәрігерлер жаппай ереуілге шықты

713

Боливияда дәрігерлер жаппай ереуілге шықты

Боливияда медицина қызметкерлері жаппай ереуілге шықты. Ла-Пас қаласында өткен наразылық шарасының соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан, деп хабарлайды 24.kz.

Үкімет үйіне кірмек болған ашынған жұрттың жолын күштік құрылым өкілдері бөгеді. Осыдан кейін наразы шерушілер полицейлерге тас жаудырып, пиротехникалық заттар лақтыра бастаған. Тәртіп сақшылары лажсыз көз жасаурататын газ қолданған.

Негізі жаппай ереуілдерге биліктің дәрігерлік қателік үшін жазаны қатаңдату бастамасы түрткі болған.

"Бұл ереуілге медициналық қызметкерлермен қатар студенттер де үн қосып отыр. Өйткені біз үкіметтің заңды қатаңдату шешімі әділетсіз деп санаймыз. Одан да билік басындағылар денсаулық сақтау саласындағы түйткілдердің түйінін тарқатумен бас қатыруға тиіс. Өйткені ауруханалардың қазіргі жағдайы сын көтермейді", - дейді аурухана директоры Луис Фернандо Бедрегал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу