Боливияда көлік апатынан 11 адам қаза тапты

731

Дүйсенбі күні Боливияда автобус жүк көлігімен соқтығысып, апат салдарынан 11 адам ажал құшты. 

Боливияда көлік апатынан 11 адам қаза тапты

Боливияда көлік апатынан 11 адам қаза болып, тағы екі жолаушы түрлі деңгейде жарақат алған. Оларды мамандар ауруханаға жеткізді.

Жергілікті ақпарат құралдарының дерегі бойынша, жантәсілім болғандардың қатарында әйел адам мен бір бала бар.
Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Қақтығыстың нақты неден болғаны анықталуда. Полицейлердің айтуынша, апатқа жүк көлігінің қарсы бағытқа шығып кетуі немесе жүргізушінің мас күйінде тізгінге отыруы себеп болуы мүмкін. Жүргізуші еш жарақат алмаған, қазір ол қамауда отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Ла-Пас маңында бір апта бұрын жолаушы толы автобус шатқалға соғылып, салдарынан 15 адам көз жұмып, тағы 20-сы жарақат алған еді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу