Боливиядағы карнавал кезінде 40-тан аса адам қаза тапты

657

Боливиядағы карнавал кезінде 40-тан аса адам қаза тапты

Боливиядағы карнавал кезінде кем дегенде 40 адам қаза тауып, 100 адам жарақат алған. Бұл деректі сейсенбі күні ел үкіметі растады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ-қа сілтемемен ҚазАқпарат.

Боливияның ішкі істер министрі Карлос Ромеро радиоға берген сұхбаты кезінде адамдардың басым бөлігі карнавал кезінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқанын хабарлаған.

"Үш күнге созылған карнавалда 40 адам мерт болды. 124 адам түрлі жарақат алған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың басым бөлігі жол апаты, Оруро қаласындағы жарылыс және су тасқыны салдарынан қайғылы оқиғаға тап болған. Сейсенбідегі жағдай бойынша есепті қарауымыз керек", - деді министр Ромеро.

Үкіметтің есебіне сәйкес, жол апаты салдарынан 16 адам қаза тапқан. Оруро қаласында карнавал кезінде газ баллонының жарылу салдарынан сегіз адам ажал құшты.

Бұдан бөлек, тағы сегіз адам суға ағып кетсе, төртеуі өлтіріп, үшеуі өз-өзіне қол жұмсаған және тағы бірнеше адамды үсік шалған.

Жергілікті полиция дерегі бойынша, былтырғы карнавал кезінде 67 адам мерт болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу