Мұны Боливияның қорғаныс министрінің орынбасары Хуан Карлос Кальвимонтес мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қарашадан қаңтардың бірінші аптасына дейін жауған нөсерлі жаңбыр кемі 16 адамның өмірін қиған. Жауын соңы су тасқыны мен лай көшкінін жасап, ғимараттардың қирауына әкелген. Қазірдің өзінде 36-ға жуық муниципалитетке айтарлықтай шығын келгені белгілі болды.
Батыстағы Ла-Пастың департаментіндегі Аполо, Ла-Асунта және Лурибай муниципалитеттерінде билік апаттың салдарын жою үшін "табиғи апат жағдайын" жариялауға мәжбүр.
Елдегі тоғыз департаменттің сегізі күн райына байланысты мәселе бар екенін айтып, қираулар туралы хабарлаған.
Қараша айынан бері тіркелген басқа да күн райының күрт бұзылу құбылысы, яғни аяз бен бұршақ бес департаментке зиян келтірген.
Алдын ала болжам жаңбырлы маусымның 2025 жылдың наурыз-сәуір айларына дейін жалғасатынын айтып отыр.