Боливияға 51 жыл болмаған аяз келді

861

Боливияға 51 жыл болмаған аяз келді

Боливияда аяқ астынан күн күрт суытты. Кейбір өңірде тіпті қар жауған. Соның салдарынан жолдарда кептеліс пайда болды. Әуежайда бірнеше сапар кейінге шегерілген, деп хабарлайды 24.kz.

Ауа райының қолайсыздығына Амазония ормандарында ылғалдылықтың артуы себеп. Мамандар елде соңғы рет жарты ғасыр бұрын осылай суық болғанын айтады. Десе де, синоптиктер аптаның соңына таман аяздың беті қайтады деп топшылап отыр.

Айта кеткен жөн, Боливия – экватордан төмен орналасқан мемлекет. Сондықтан мұнда қыс мезгілі мамырдан тамызға дейін жалғасады.

Марисоль Португаль, метеорологиялық орталық басшысы:

– Шілдеде тағы да аяз болады деп күтіп отырмыз. Күндізгі уақытта күн жылынғанымен, түн суық болмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу