Бөлшек салықтың арнайы салық режимі қандай қызмет түрлеріне қолданылады?

1001

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі қаулысымен бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдануға болатын қызмет түрлері бекітілді.

Бөлшек салықтың арнайы салық режимі қандай қызмет түрлеріне қолданылады? Фото: inbusiness.kz

Тізімге 190 қызмет түрі енді, деп жазады inbusiness.kz. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бөлшек салықтың арнайы салық режимі келесі салық төлеушілерге қолдануға құқылы. Атап айтқанда, салық кезеңінде қызметкерлердің орташа тізім саны 200 адамнан аспайтын, күнтізбелік жылдағы табысы 600 мың АЕК-тен аспайтын және арнайы режимді қолдану мақсатында Үкімет айқындаған қызметтің бір немесе бірнеше түрін ғана жүзеге асыратын кәсіпкерлерге қолданылады.

Бөлшек салық ставкалары:

- 4% - Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) барлық кірістер бойынша. Бұл ретте жергілікті өкілді органдардың (Мәслихат) бөлшек салық ставкасының мөлшерін 50%-ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуге құқығы бар;

- 8% - кәсіпкерлік субъектілеріне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша, мұндай шығыстарға шегерімдер сомасын құжаттамалық растау қажет болған жағдайда (сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып, электрондық шот-фактура жазып немесе чек бере отырып). Бұл ставканың мөлшері төмендетілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу