Бөлшек сауда айналымы 1,9 трлн теңгеге жетеді

958

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов пандемия электронды коммерцияның дамуына серпін бергенін мәлімдеді. 

Бөлшек сауда айналымы 1,9 трлн теңгеге жетеді

"Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы сауда базарларын жаңғыртуды 2023 жылға қалдыру мәселесі шешілді. Бәрі де бұл шешімнің дәл қазіргі жағдайда қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Алайда пандемияның жағымды жақтары да бар. COVID-19 пандемиясы электронды сауданың және онлайн сатылымның өсіміне жол ашты", – деді Нариман Әбілшайықов сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында.

Басқарма төрағасының орынбасары нақтылағандай, карантин кезінде интернет арқылы жасалатын бөлшек сауда көрсеткіші айтарлықтай өскен. 

"Дәрі-дәрмектің, тұрмыстық заттардың және азық-түлік саудасының өсімі байқалды. "Қазпошта" АҚ мәліметі бойынша, электрондық коммерция нарығы 2020 жылдың 1 жартыжылдығында 435 млрд теңгеге жетті. Бұл бөлшек сауда айналымының 9,4%-ын құрайды. 2020 жылдың соңында көрсеткіш шамамен 900 млрд теңгені құрады. 2022 жылға қарай 1,9 трлн теңгеге жетеді деген болжам бар. Карантин кезеңінде қолма-қол ақшасыз төлем операциясы едәуір артты", – деді Нариман Әбілшайықов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу