Статистика комитеті 2017 жылдың қаңтар-маусым айындағы Маңғыстау облысындағы бөлшек және көтерме сауда айналымы туралы қорытындысын жариялады.
2017 жылғы қаңтар-маусым айындағы бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі барлық өткізу арналары бойынша нақты бағамен 66378,3 млн теңгені құрады және 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда салыстырмалы бағада 0,6%-ға азайды.
Жеке кәсіпкерлердің, соның ішінде базарда сауда жасайтындардың бөлшек саудасының көлемі 2017 жылдың қаңтар-маусым айында 20451,6 млн теңгені құрады, яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға төмен.
Сауда жасаушы кәсіпорындар мен ұйымдардың бөлшек сауда айналымының көлемі 2017 жылдың қаңтар-маусымдағы 45926,7 млн теңгені құрады, яғни 2016 жылдың осы кезеңінің бағасын салыстырғанда 3,4%-ға жоғары.
Көтерме сауда жүйесі арқылы 2017 жылғы қаңтар-маусымдағы 96392,8 млн теңгенің тұтыну тауарлары мен өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдері сатылды және 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда салыстырмалы бағада 1,7%-ға өсті.