Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 11,2 млн жұмыссыз адамға аз және 2020 жылғы "корона дағдарысы" кезеңіне қарағанда бірден 30 млн-ға төмен.
2023 жылы ХЕҰ болжамы бойынша, жұмыссыздар саны 3 млн-ға артып, 208,2 млн адамды құрайды, ал 2024 жылы ол 210,9 млн адамға дейін артады.
2022 жылы жаһандық жұмыссыздық деңгейі 5,8%-ды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (6,2%) төмен. Сонымен бірге, 2023-2024 жылдары ХЕҰ болжамы бойынша жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалады (5,8%).
Гендерлік көрсеткіш бойынша жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай ерекшеленбейді. Мысалы, 2022 жылы ол әйелдерде 5,8%, ерлер үшін 5,7% болды. Бұл ретте ерлер үшін 2023-2024 жылдары көрсеткіштің өзгеруі күтілмесе, әйелдер үшін 2024 жылы ол артып, 5,9%-ды құрайды.
2022 жылы макроөңірлер контекстінде жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерде белгіленді: 5,2%. ХЕҰ болжамы бойынша 2023-2024 жылдары осы жағдай жалғасып, бұл көрсеткіш 5,1%-ға дейін төмендеуі мүмкін.
Айта кетейік, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жұмыссыздық деңгейі 2022 жылы небәрі 2,6%, Тынық мұхиты аралдарында - 3,6%, Шығыс Азияда - 4,6%, Оңтүстік Азияда - 7,2% деңгейінде болды.
2022 жылы Еуропа мен Орталық Азияда жұмыссыздық деңгейі 6,1%-ды құраса, 2023-2024 жылдары 6,3%-ға дейін өсуі мүмкін. Бұл ретте Солтүстік, Батыс және Оңтүстік Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш Шығыс Еуропаға қарағанда жоғары: 5%-ға қарсы 6,3%. Орталық және Батыс Азия елдерінде жұмыссыздық деңгейі 7,7%-ды құрады. 2023-2024 жылдары Солтүстік, Батыс және Оңтүстік Еуропа елдерінде көрсеткіш 6,6%-ға дейін, Шығыс Еуропада – 5,1%-ға дейін, Орталық және Батыс Азияда – 7,8%-ға дейін артуы мүмкін.
БылтырАфрика елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі 7,1%-ды құрады, 2023 жылы ол өзгермейді, ал 2024 жылы 7%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, болжам бойынша жұмыссыздық деңгейі Солтүстік Африка мен Сахараның оңтүстігіндегі елдер арасында айтарлықтай өзгереді: 6,4% көрсеткіші 11,3%-ға артуы мүмкін.
Ең жоғары жұмыссыздық деңгейі араб мемлекеттерінде тіркелді: 2022 жылы ол 9,3%-ды құрады.