Болжам: Доллардың нығаюы жалғаса береді

446

АҚШ ФРЖ басшысының Джексон-Хоул симпозиумында сөйлеген сөзінен кейін әлемдік валюта нарығында АҚШ доллары позициясының бұдан былай да нығаюы мүмкін деген болжам қалыптасты. АҚШ реттеушісі әзірге мөлшерлемелерді арттыру қарқынын төмендетудің қажеті жоқ екенін білдірген.  

Болжам: Доллардың нығаюы жалғаса береді

Ұлттық банк хабарламасында АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы жалғасып, дамушы нарықтардың валюталарына кері әсерін тигізуі мүмкін екені жазылған.

Ал мұнай нарығына қатысты талдаушылар ортақ пікірге келе алмаған. Кейбір экономистер, атап айтқанда, Goldman Sachs карантин шараларынан кейін қалпына келе бастауы және қымбаттап бара жатқан газдың орнына мұнайды пайдалану салдарынан сұраныстың ұлғаюын күтуге байланысты мұнай бағасының өсетінін күтеді. Бұл ретте, талдаушылар қазіргі динамиканы ескере отырып, жыл соңындағы бағаға қатысты өз болжамын барреліне 130 АҚШ долларынан 125 АҚШ долларына дейін біршама түзетті. Барынша пессимистік болжамдар рецессия тәуекелдері аясында барреліне 85 АҚШ доллары деңгейінде қалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу