Болжам: Қазанда инфляция 10,5-13,5% деңгейінде болады

Қыркүйек айының соңында жылдық инфляция 11,8%-ға дейінде қалыптасты. 

Болжам: Қазанда инфляция 10,5-13,5% деңгейінде болады Фото: Inbusiness.kz

Сарапшылар 2023 жылғы қаңтар-қазанда инфляция 10,5-13,5% аралығында болады деп болжап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі сауалнамаcына сілтеме жасап. 

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) еске салғандай, қыркүйек айының соңында Қазақстанда жылдық инфляция тамыздағы 13,1%-дан 11,8%-ға дейін төмендеуін жалғастырды. Олардың болжамы бойынша, қазан айының соңына қарай жылдық инфляция 10,5-11,5% шегінде тіркеліп, қалыпты төмендеуін жалғастыруы мүмкін. 

"Біздің елде бағаның өсуінің одан әрі баяулауы үшін жалпы сыртқы факторлар қолайлы: шикізат пен азық-түлікке әлемдік бағалар төмендеуде, дамыған елдердің орталық банктерінің ақша-несие саясаты қатаң күйінде қалып отыр, бұл жаһандық инфляцияны тежеуге көмектеседі", - деп түсіндірді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы.

Дегенмен, олар Қазақстанда инфляцияға қарсы тәуекелдер сақталып отырғанын, оның ішінде фискалдық саясат, жанар-жағармай мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге бағаның өсуінің әсері, ұлттық валюта бағамының құбылмалылығы сақталып отырғанын атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу